Новоишим қазақ орта мектебінде 1-2 сынып оқушыларға арналған "Әз Наурыз" атты мерекесі өтті.
2023 жылдың 16 наурыз күні Новоишим қазақ орта мектебінде 1-2 сынып оқушыларға арналған "Әз Наурыз" атты мерекесі өтті. Іс- шара барысында ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрден сыр шертетін әңгіме айтылды. Сонымен қатар Ұлыстың ұлы мерекесінде екі кішкентай егіз ұл балалардың тұсауы кесіліп, қазақы ойындарымыз да назардан тыс қалмады. Оқушылар және ата- аналар арқан тартудан, би, өлеңдерден бақ сынасты. Жалпы оқушылар мен ата-аналар мерекелік іс- шараға аса ыждаһаттылықпен дайындалғаны көрініп-ақ тұрды. Қыстан аман-есен шығып, мал тұяғы көкке, аузымыз аққа ілініп, ұлтымыздың Жаңа жылы мектебімізде осылай тойланды. Барлығының көңіл-күйлері керемет болды! Әріптестерімізді, ата-аналарымызды, шәкірттерімізді ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз. Жаңа жылымыз жаңа табыстарға жетелесін!