Меню KDT

Новости

Главная Новости

Шежіре күні аясында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де "Рухани жаңғыру" бағдарламасын, "Мектеп пен ата- ана" жобасын іске асыру, ұлттық салт – дәстүрлерді, еліміздің мақтаныштарының үлгі - өнегелерін құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен " Ұлттық салт- дәстүрлер" фестивалі өтті

2023 жылдың 15 наурыз- Шежіре күні аясында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де "Рухани жаңғыру" бағдарламасын, "Мектеп пен ата- ана" жобасын іске асыру, ұлттық салт – дәстүрлерді, еліміздің мақтаныштарының үлгі - өнегелерін құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен " Ұлттық салт- дәстүрлер" фестивалі өтті. Іс- шара барысында 9 салт- дәстүр:"Шілдехана", "Балаға ат қою", "Бесікке салу", "Түсау кесер", "Тілашар", "Қыз ұзату", "Сырға салу", "Келін түсіру", "Құйрық бауыр", сонымен қатар бірнеше ұлттық ойындар: "Тоғызқұмалақ" "Қол алмасу" "Арқан тарту" және Қазағымның дәстүрлері- ай", Құтты болсын, әз Наурыз" атты өлеңдер айтылып, барлық қатысушыларды біріктірген "Қара жорға", "Қазақша" би орындалды. Іс- шара өте ауқымды болып, көрермендердің, қатысушылардың, ата- аналардың көңілдерінен шықты.
#наурызмейрамы


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено