2023 жылдың 26 сәуірінде «2 Новоишим орта мектебі» КММ-де 11 сынып ата-аналарына арналған жиналыс өтті.
Күн тәртібі:
1. Ұлттық бірыңғай тестілеу.
2. 2022-2023 оқу жылында қорытынды аттестаттауды өткізу туралы.
3. 2022-2023 оқу жылына мектептегі кәсіптік бағдар беру.
4. «Соңғы қоңырау» және «Түлектер кеші» мерекелерін өткізу туралы.
5. Әртүрлі.
Мектеп психологы Шакеева Д.М. кездесу басында ата-аналармен «Бірге біз - бір отбасымыз» атты тренинг өткізді. Барлық түлектердің ата-аналарына ҰБТ тапсырудың жаңа ережелері мен мамандық таңдау пәндерінің комбинациясы жазылған брошюралар таратылды.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Булатова И.К. ата-аналарды 2022-2023 оқу жылында мектепте қорытынды аттестаттаудан өтудің негізгі ережелерімен таныстырып өтті.
Шерязданова А.А. және Құсаинова Н.В. мектептегі кәсіптік бағдар беру өткізілген жұмыстары туралы айтты.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абуова М.Қ. «Соңғы қоңырау» және «Түлектер кеші» мерекелерінің қашан және қалай өтетіні туралы айтып берді.
Жиналыстың соңында сынып жетекшілері Қалиева Ж.Қ. және Сембаева Х.А. оқушылар мемлекеттік емтихандарын сәтті тапсырып, ҰБТ-дан жоғары ұпай алуларына тілектестік білдіріп, қазақ халқының дәстүрі бойынша «Шашу» шашты.