«Өмірдің қиын сәттеріндегі эмоционалды күйзелісті жою» атты тренинг сабағы
«Ақан мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де жоғары сынып оқушыларымен «Өмірдің қиын сәттеріндегі эмоционалды күйзелісті жою» атты тренинг сабағы өтті. Мақсаты: психоэмоционалды күйзелісті жою және өмірлік қиындықтар кезінде өзін-өзі реттеу әдістерін дербес дамыту. Сабақтың басында «Өмір қиындықтары» тақырыбында пікірталас жүргізіліп, одан кейін балалар «Жаман кеңес», «Қош бол, шиеленіс!», «Лимон», «Ұш» жаттығуларын орындады.