Мамыр айының 5-і күні Айыртау ауданы "Білім бөлімінің" қосымша білім беру орталығы 2006-2017 жылғы жасөспірімдер арасында жас ерекшеліктеріне сәйкес шахмат ойынынан аудандық ашық біріншілік өткізді. "Жеңіс күні" мерекесіне орай ұйымдастырылған біріншілікте мектебіміздің оқушылары үлкен жетістіктерге жетті. Атап айтар болсақ: Қайыртай Мадияр 1-орын, Серікбай Арғын 1-орын, Жақып Айдын 1-орын алса, Айтжанов Амирали 2-орын, Иманғалиева Аяжан 2-орын иеленді, ал Көбеев Алдияр 3-орынымен жүлдегерлер қатарынан көрінді.

ФИДЕ ережесіне сай ойын Швейцариялық жүйеде ойнатылды.
Ойыннан олжалы оралған оқушыларымыз бен басқа да қатысушыларымызға әрдайым сәттілік тілеп, жеңіс тұғырының биігінен көріне берулерін тілейміз. Жас шахматшыларымыздың жетекшісі, дене шынықтыру пәні мұғалімі Кусаинов Алмас Мергенбайұлына алғыс білдіреміз.