Меню KDT

Новости

Главная Новости

Ағымдағы жылдың 10- мамырында Білім бөлімінің жоспарына сай, ең дарынды бастауыш сынып оқушылары арасынан математикадан олимпиада резервін қалыптастыру мақсатында №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясы базасында 2-4 сынып оқушылары үшін «Кемел ұрпақ» облыстық математикалық турнирінің аудандық іріктеу кезеңі өтті.

Ағымдағы жылдың 10- мамырында Білім бөлімінің жоспарына сай, ең дарынды бастауыш сынып оқушылары арасынан математикадан олимпиада резервін қалыптастыру мақсатында №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясы базасында 2-4 сынып оқушылары үшін «Кемел ұрпақ» облыстық математикалық турнирінің аудандық іріктеу кезеңі өтті. Математикалық турнирге орталық мектептердің жиырма алты 2-4 сынып оқушылары қатысып, өз білімдерін сынады.
Турнирдің басты мақсаты математикалық қабілеттері бар дарынды оқушыларды анықтау, қолдау және дамыту, бастауыш сынып оқушыларының жеке жарыстарға қатысу дағдыларын дамыту болып табылады.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталады. Ең көп ұпай жинаған 6 оқушы: Төлеу Мансұр, Абдрахманова Аяулым, Хамидулла Ернар (Саумалкөл ҚОМ), Асылбекова Аделя, Силаева Александра (№1 Саумалкол ОМ), Омарова Анара (№2 Саумалкөл МГ) турнирдің облыстық кезеңіне жолдама алды.
Әрдайым ұстаздарыңның мерейін асқақтатып жүріңдер! Ұстаздар үшін мерейді асқақтату – олар берген білімнің жемісі мен жеңісін көрсету.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено