2023 жылдың 11 мамыр айында «№2 Новоишим орта мектебі» «Спорт және еңбек табыс пен денсаулықтың кепілі» шығармашылық тобы апталығы аясында Еслям Жандос Ерланұлы алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағында
11 «А» сынып оқушыларымен «Ерлік мәңгі есте» тақырыбында ерлік сабағын өткізді.
Сабақтың мақсаты: патриоттық сезімін,елі үшін мақтанышын тәрбиелеу, шынайы патриоттың және Отан қорғаушының бейнесін қалыптастыру.Балалардың эмоциялық әлемін адамгершілік әсерлерімен байыту және адамгершілік сезімдерін қалыптастыру,оқушылардың моральдық дамуына және олардың шығармашылық қабілеттеріне ықпал ету.
Ерлік сабағы конференция –зерттеу форматында өтті. «Соғыс,соғыс,соғыс...» бөлімінде Ұлы Отан соғысының басталуы туралы, «Соғыс күнтізбесі» бөлімінде оқушыларды әрбір жылдардағы ұрыс болған жерлермен таныстыру, «Отты жылдар елесін кітаппен оқып білесің», «Ұлы жеңіске ұлы үлес» бөлімінде Қазақстандықтардың соғысқа қосқан үлестері туралы бейнебаян көрсетіліп әрі тыңдалды. Жандос Ерланұлы , оқушылардың ой-санасын оятып, ынталандырып,оқушылардың сабаққа белсенділікпен қатысуына ерекше көңіл бөлді. Оқушылар мұғалім қойған сұрақтарға жауап беру арқылы белсенділікпен сабаққа қатысты. Мұғалім сабақта қойылған мақсатына жетті.