Білім бөлімінің жұмыс жоспары негізінде ағымдағы жылдың 11 мамыр 2023 жылы №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясында білім бөлімінің басшысы Баймағамбетова Балжан Шәріпқызының басшылығымен ауданымыздың білім беру мекемелері басшыларының қатысуымен «Кәсіби желі жағдайында педагогтің зерттеу мәдениетін жандандыру» атты аудандық іс-шара алаңы шеңберінде «Мұғалімдердің ынтымақтастықтарының негізінде сабақтарды зерттеп, кәсіби шеберліктерін арттыру» тақырыбында семинар-практикум өтті. Аталған семинарға аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскерлері мен мектеп басшылары қатысты. Білім бөлімінің басшысы Баймағамбетова Балжан Шәріпқызы семинарды ашып, қазіргі уақытта әрбір педагог үшін өз білімдерін шыңдау, дамыту, басты мақсат болып табылатындығын, білім бір орында тұра бермейтін, ол үздіксіз дамып отыратын үрдіс екендігін, әр күн сайын біз жаңа ашулар, жаңалықтар оқып, көруіміз қажеттігін, сол жаңалықтардың бірі–сабақты зерттеу тәсілі екендігін ерекше атап өтті. Семинар барысында өткізілген зерттеу сабағында әріптестеріміз мектеп басшыларын оқыту және олардың тәжірибесінде іс әрекетті зерттеуді қолдану бойынша №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясының пән мұғалімдері Гардеева С.В., Алибекова Г.К., Именалинова А.К., Батжанова С.Т., Нурмухамбетова Г.К., Жунусов С.К.,Субачева И.С., Алимгиреева Л.М. практикалық ашық сабақтар өткізді. Осы үдерісті жүзеге асыру барысында теориялық материалдармен қоса практикалық тәжрибені зерделеу үшін жаңаша әдіс-тәсілдер қолдана отыра, әдістемелік шеберхана төңірегінде жүзеге асырылды.
Lesson study-тұлғаға саналы білім беруді көздейтін ұстаздар шеберханасы. Осы орайда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сейткожина Баян Көшербаевна қатысушыларға өз тәжірибелеріндегі қолданылып жүрген сабақтар, ондағы әдіс-тәсілдер, олардың оқушы мен мұғалім үшін тиімділігі тұрғысында баяндап айтып берді. Семинар соңында аудандық білім бөлімінің басшысы Баймағамбетова Балжан Шәріпқызы өз тәжірибелерімен бөліскен ұстаздарға және семинарды өткізуге атсалысқан мектеп әкімшілігіне сертификаттар табыстады.
Lesson study мұғалімдер тәжірибесі саласындағы ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Осы тәсілді жүзеге асыру үшін алға қойылған мақсат-міндеттердің орындалу барысында тәжірибеде кеңінен қолданып, бірлесе жұмылдырылған іс-әрекет жасайық.