Меню KDT

Новости

Главная Новости

2023 жылдың 12 мамырында Кирилловка орта мектебінің базасында «Жас ұстаз келер ұрпақтың сәулеткері» тақырыбында білім беру ұйымдарының жас мамандарына арналған аудандық слет өтті.

2023 жылдың 12 мамырында Кирилловка орта мектебінің базасында «Жас ұстаз келер ұрпақтың сәулеткері» тақырыбында білім беру ұйымдарының жас мамандарына арналған аудандық слет өтті.
Слетке ауданымыздың 50-ден астам жас мамандары қатысты. Слеттің басты мақсаты – жас мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту.
Слеттің ашылу салтанатында білім бөлімінің басшысы құттықтау сөз сөйледі:
- «Бүгінгі таңда мұғалімдердің уақыт талабына сай болуы, бұрынғыдан да маңызды. Мұғалім әрқашан сұранысқа ие мамандық, сондықтан оның даму шекарасында шек болмауы керек, әлемдік білім беру үрдістеріне сәйкес болуы қажет», - деп Баймағамбетова Балжан Шәріпқызы, ұстаздардың кәсіби дамуының ерекше маңыздылығын атап өтті.
Ұйымдастырушылар слет барысында жас мамандарға арнап, түрлі шеберлік сыныптары, тренингтер, арт-терапия жұмыстарын дайындап, қатысушылар арасында тәжірибе алмасып, оқытудың жаңа әдістерімен бөлісті.
Тәжірибелері мол мұғалімдер өз еңбек жолының барлық қызығы мен қиындықтарын, ерекшеліктері мен артықшылықтарын айтып ортада талқылады. Сабақ барысында жаңа әдіс-тәсілдер мен технологияларды қолданып, әр оқушының жүрегінен орын табуға болатынын баяндады.
Жас мамандардың мерекелік көңіл күйін олардың тәлімгерлері де қолдады:
- «Біз, ұстаздар, болашақ ұлт батырлары мен әлем жұлдыздарын, ең бастысы елім, жерім дейтін нағыз патриоттарды тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатамыз. Қазіргі таңда өз еңбек жолын ұстаздықпен бастаған жалынды жастарды көріп риза болып отырмыз! Сіздерге сәттілік тілейміз! деп тілектерін білдірді.
Слет соңында барлық қатысушылар білім бөлімінің дайындаған «Lesson Study» әдістемелік құралын алды. Сіздерге кәсіби қызметтеріңізде табыс тілейміз!


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено