«Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу»
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу аясында 2023 жылғы 16 мамырда «№ 2 Новоишим орта мектебі» КММ - де 9-10 сынып оқушыларымен теолог, облыстық мамандандырылған ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшесі- Максатом Аманжолович Жумажанмен «Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты - балаларға дін туралы ақпарат беру, деструктивті ағымдардың әсерін болдырмау.
Кездесу барысында теолог дін және қазіргі қоғамдағы дін мәселелері туралы айтты. Оқушылар осы тақырып бойынша көптеген пайдалы ақпаратты білді.