Бүгін, мамыр айының 26-сы күні Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
Кәмелетке толмағандар мен өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар арасында суицидтің немесе зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі органдардың қызметі туралы Аудандық ІІБ қызметкері А. С. Ашимов баяндады.
Ерте жүктіліктің, жыныстық жолмен берілетін аурулардың және тыйым салынған заттарды қолданудың алдын алу жұмыстары жайлы аудандық аурухана дәрігері Ғ. А. Уптияров ақпарат берді.
Аудандық білім бөлімі басшысы, Б. Ш. Баймагамбетова: "2023 жылы жазғы сауықтыру науқанын дайындау барысы және балалар мен жасөспірімдердің демалу, сауықтыру, жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы және түнгі рейдтік іс-шаралар жайлы" мәлімдеме жасады.
Айтылған іс-шараға мектеп директоры М. О. Олжабаева, Әлеуметтік -педагог Ж. З. Тақауова, мектеп психологі Ә. М. Азбергенова және аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, мектебіміздің қызметкері А. Ш. Нұрбахтинова қатысты.