2023 жылғы 29 мамырда "Ақан мектеп – бөбекжай –бақша кешені" КММ-де әлеуметтік педагог Г.П. Тюлегенова және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор А. В. Кенес "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу" тақырыбында дәріс өткізді. Сондай-ақ, "Жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу", "Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік", "Темекі шегуге және темекі қоспаларын (вапаларды) пайдалануға жол бермеу туралы", "Кәмелетке толмағандарды түнде үйден тыс жерде табу туралы" тақырыптар қаралды.
Әңгімелесу барысында инспектор оқушыларды Қазақстан Республикасы әкімшілік және қылмыстық кодекстерінің негізгі баптарымен таныстырды. Балалар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.