«Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие мен оқутыдын жаңартылған әдіс-тәсілдері»
Ағымдағы жылдың 26 мамыры күні Ақжар ауданы Ленинградское ауылындағы «Еркемай» бөбекжай-балабақшасында мектепке дейінгі мекемелердің педагогтері үшін облыстық семинар өтті. Семинар тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие мен оқутыдын жаңартылған әдіс-тәсілдері»
Облыстық семинарда балаларға арналған әдістемелік көрме ұйымдастырылды, тәрбиешілер аудандық әдістемелік тәжірибелерін креативті түрде ұсына білді.
Семинардың практикалық бөлімінде педагогтер оқыту мен тәрбие берудегі инновациялық технологияларды қолдану бойынша шеберлік сыныптарын өткізді.