"Балалық шақ мерекесі! 1 маусым-жаздың бірінші күні ғана емес, сонымен қатар Халықаралық балаларды қорғау күні. Бүкіл ел бойынша осы мерекеге орай балаларға арналған түрлі іс-шаралар мен конкурстар өткізіледі. "Яснополян ОМ" КММ ерекшелік емес. Бұл күні ауа-райы шуақты және жылы болды.
Салтанатты сапта оқу жылының қорытындысы шығарылып, мектептің үздік оқушылары Құрмет грамоталарымен марапатталды. Саптың соңында барлық оқушылар балалық шақ мерекесіне аттанды.
Бастауыш сынып оқушылары «Мен чемпионмын» атты көңілді сайыстар мен ойындарға қатысуды ұнатса, орта сынып оқушылары үлкен ынтамен қарақшылар қазынасын іздеді, ал 8-11 сынып оқушыларының командалары «Үздік волейбол командасы» атағын алды. Қолөнер шеберханасына барлығы қатыса алады.