Меню KDT

Новости

Главная Новости

Халықаралық Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мектепте «Отбасылық құндылықтар» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді, онда оқушылар отбасының адам өміріндегі маңыздылығы, отбасылық құндылықтар туралы әңгімеледі

Халықаралық Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мектепте «Отбасылық құндылықтар» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді, онда оқушылар отбасының адам өміріндегі маңыздылығы, отбасылық құндылықтар туралы әңгімеледі. «Отбасы ағашы» республикалық акциясы өткізілді, оған 1-сынып оқушылары қатысты. Мектеп психологтары оқушылардың ата - аналарымен «Мен жақсы ата – анамын» - бастауыш сынып ата –аналары үшін , «Жасөспірімнің құзыретті ата-анасы болу» - 7сынып ата-аналары үшін дөңгелек үстелдер өткізді.
«Бейнелеу өнері» бөлімінің 3-4 сынып оқушылары арасында «Менің отбасым» суреттер байқауы өткізілді. Үздік жұмыстар грамоталармен марапатталды. 7-сынып оқушылары арасында үлгілі отбасылар туралы посттар жарияланды, 8-сынып оқушылары «Отбасылық құндылықтар» тақырыбындағы челленджге қатысты. Мектеп оқушылары Шледовец Данила отбасына емделуге көмек көрсету мақсатында қайырымдылық концерттеріне белсенді қатысты.
🏠👨‍👩‍👧♥️🏠👨‍👩‍👧
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено