Бүгін, 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау мерекесімен қатар келген мереке-"Соңғы қоңырау " сағаты өтті. Алтын ұя санап, білім нәрін алған түлектер үшін -ең бір толқу сәттері еді. "Сыңғырла, соңғы қоңырау" тақырыбында өткізілген іс-шарамызға аудандық білім бөлімінің басшысы Балжан Шәріпқызы Баймагамбетова қатысты.

Мектеп ұжымы, ата-аналар мен оқушылар мектебіміздің үздік оқушылары шеруінің куәсі болды. Мектеп директоры Меңдігүл Олжабайқызы мектеп түлектерін, оқушылар мен ата-аналарды мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Ұстаздық жолда ұрпақ болашағы үшін еңбектеніп жүрген мектеп ұжымына алғысын білдірген аудандық білім бөлімі басшысы Балжан Шәріпқызы түлектерге іздену жолында еңбектеніп, білімнің биігінен көрінулеріне тілектестігін айтты.
Мектепті үздік аяқтаған оқушылар "Мақтау қағазы" марапатына ие болса, аудандық, облыстық, Республикалық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері әр түрлі номинациялар бойынша алғыс хаттар алды. Оқушыларымыздың жазғы демалыстарының жақсы өтуін тілейміз.