1- маусым "Халықаралық балаларды қорғау" күніне орай, "Балалар игілігі үшін" акциясы аясында мектебіміздің аға тәлімгері Айгүл Жантемірқызы Абирова 2-сынып оқушыларымен «Туған өлкем» фестивалі жобасы, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, білім алушыларды өз халқының мәдени дәстүрлеріне, жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу, қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын байыту, сақтау және дамыту мақсатында Шоқан Уәлиханов мұражайы мен Айғаным қонысына саяхаттап келді.
1- маусым "Халықаралық балаларды қорғау" күніне орай, "Балалар игілігі үшін" акциясы аясында мектебіміздің аға тәлімгері Айгүл Жантемірқызы Абирова 2-сынып оқушыларымен «Туған өлкем» фестивалі жобасы, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, білім алушыларды өз халқының мәдени дәстүрлеріне, жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу, қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын байыту, сақтау және дамыту мақсатында Шоқан Уәлиханов мұражайы мен Айғаным қонысына саяхаттап келді. Тарихи тұлғалар жайлы қызықты деректер мен туған өлке табиғатын тамашалаған балалар келесі кезекте табиғат аясында спорттық ойындар ойнап, дәмді тағамдар мен түрлі тәттілерге толы дастарханға жиналды. Балаларға қуанышты сәт сыйлаған ата-аналар мен Айгүл Жантемірқызы ұйымдастырған саяхаттың жас буынға берер пайдасы өте маңызды.