31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аясында "Володар орта мектебі" КММ-де 5-11 сынып жетекшілері сынып сағаттарын өткізді. Мақсаты: өз елінің тарихын , өз ауылдастарын, алғашқы арнайы қоныс аударушыларды, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын зерделеу арқылы оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, толерантты қарым-қатынастарды дамытуға жәрдемдесу, өзінің кіші отанының тарихына қатысы бар сезімді тәрбиелеу.