Маусым айының 1-күні " Халықаралық балаларды қорғау" күнімен қатар келген "Соңғы қоңырау" мерекелік іс-шарамызда 2022-2023 оқу жылын үздік аяқтаған жалпы саны жетпіс үш оқушыны мектеп директоры Меңдігүл Олжабайқызы Олжабаева арнайы "Мақтау қағазымен" марапаттады.

2022-2023 оқу жылында пәндік олимпиадалар мен түрлі сайыстарға, мектеп қабырғасында қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, атаулы жетістіктерге қол жеткізген биылғы алты түлегімізге "Алғыс хат" тапсырылса, мектептің он тоғыз оқушысы әр түрлі номинациялар бойынша арнайы дипломға ие болды.
1. ЖЫЛ ОҚУШЫСЫ-2023 – Байтен Айсұлтан
2. ЖАС ЗЕРТТЕУШІ – Уалиев Мирас
3. ҮЗДІК ОҚЫРМАН – Құттыбаева Адема
4. ЖАС ӘНШІ – Ерсін Кәусар
5. ҮЗДІК ӘНШІ – Ерсін Тамырлан
6. ОЙ ШЕБЕРІ – Абаева Айзере
7. ЖАС ЗИЯТКЕР – Тулеубаев Жалгас
8. ТІЛ ШЕБЕРІ – Көзтай Айым
9. ЖАС ОҚУ ШЕБЕРІ – Абдрахманова Аяулым
10. ОҚУ ШЕБЕРІ – Кенжебаева Айгерим
11. ЖАС ЗИЯТКЕР – Кенжебаева Айганым
12. ЖАС СПОРТШЫ – Жақып Айдын
13. СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ – Қуандық Наргиз
14. ҮЗДІК СӨЗ ЗЕРГЕРІ – Естай Еркежан
15. ҮЗДІК СӨЗ ЗЕРГЕРІ – Балгожина Арай
16. ЖАС МАТЕМАТИК – Төлеу Мансұр
17. ЖАС МАТЕМАТИК – Хамидулла Ернар
18. ҮЗДІК ШАХМАТШЫ – Қайыртай Мәдияр
19. ҮЗДІК ӘДЕБИЕТТАНУШЫ – Қажыман Айымжан
Озат оқушыларымыздың әрқашан үлгі болып білімнің биік шыңдарынан көрінулеріне тілектеспіз!