Меню KDT

Новости

Главная Новости

Mектепішілік «ЖАЗ-2023» жазғы бейіндік лагерь

Жазғы бейіндік легерьдің 5 маусым күні өткізілген  жұмысы туралы мәлімет
           5 маусым сағат 09:00-де мектепішілік «ЖАЗ-2023» жазғы бейіндік лагерь бекітілген жоспар бойынша өз жұмысын бастады.
         Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Гимн Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондықтан да 4 маусым еліміздің мемлекеттік рәміздері күніне орай «Туған өлкем» бейіндік тобы оқушыларымен «Рәміздерім - мақтанышым» атты іс-шара өтті. ҚР мемлекеттік гимні шырқалып, бейнеролик көрсетілді. Оқушылар рәміздер бойынша сурет салып, сұрақтарға жауап берді. «Туған өлкем» бағытының 5 сынып оқушылары Керей мен Жәнібек хандардың, Төле би, Қазыбек би және Әйтеке бидің ескерткіштерінде болып, оларға стандарттан тыс сабақ өткізілді. Ұлы тұлғалардың еліміздің дамуына қосқан үлестері жайлы айтылып, тарихы мен тұрмысы жайлы әңгіме қозғалды.
 «Жас суретші», «Жас құтқарушы», «Жас полицей», «Жас дебатёр», «Қазіргі заманғы кәсіпкер», «Жас психолог»  бағытындағы оқушылар үшін де бүгінгі күн керемет өтті. Оқушылар ашық аспан аясында Орталық  саябаққа жиналып, қызықты тренингтен өткізілді. Тренингтен соң оқушылар командалық ойындар ойнап, соңында өздеріне  ұнаған пейзажды суреттеді.       







Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено