2023 жылдың 6 маусымында сағат 09:00-де мектепішілік «ЖАЗ-2023» жазғы бейіндік лагерь бекітілген жоспар бойынша өз жұмысын одан ары жалғастырды. «Лингвист» бағытының жетекшілері 6 маусым - ұлы орыс жазушысы А.С.Пушкиннің туған күніне орай «Идут века, но Пушкин остаётся!» тақырыбында әдеби кеш өткізді. Кештің мақсаты: А.С.Пушкиннің шығармашылығы мен орыс тіліне деген қызығушылықтарын арттыру болды. Одан әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәні ұстаздарының жетекшілігімен «Ұлылардың үндестігі» тақырыбы аясында балалар Абай мен Пушкиннің шығармашылығы туралы қызықты деректермен танысты.
«Туған өлкем» бағытының 5 сынып оқушылары С.Сейфуллин музейіне барып, гид оқушыларға ақын, революционер жазушының қысқа ғұмыр кешсе де, артына өшпестей мол мұра қалдырғаны жайлы танымдық-ақпаратпен таныстырды.
«Жас суретші» бағытының оқушылары мультфильм тамашалап, соңында өздеріне ұнаған кейіпкерді суреттеді.