Облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің "Руханият" қауымдастығының жоспарына сай Саумалкөл қазақ орта мектебінде 2023 жылдың маусым айының 6-сы күні облыстық семинар өткізілді.
Облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің
"Руханият" қауымдастығының жоспарына сай Саумалкөл қазақ орта мектебінде 2023 жылдың маусым айының 6-сы күні облыстық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты - мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, зерттеу ісіне тарту, Lesson study - Сабақты зерттеудің кәсіби ынтымақтастық тәсіл екенін көрсету еді.
"Руханият" қауымдастығының мүшесі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сая Алкенқызы Кажикенова: "Педагог тәжірибесі және сабақты зерттеу нәтижесі" жайлы дөңгелек үстел ұйымдастырып, іс-тәжірибесімен бөлісті. "Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері - Д. Бекпасова, А. Ашербекова.
Р. Дукетбаев шеберлік сыныптарын көрсетті.
"Руханият" қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен семинардан соң, қауымдастық мүшелері Сырымбет ауылындағы Шоқан Уалихановтың мұражайы мен "Айғаным қонысы" аймағына саяхаттады.