Жазғы бейіндік лагерьдің 7 маусым күні өткізілген жұмысы туралы мәлімет
2022 жылдан бастап 7 маусымда Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күні аталып өтіледі. Бұл күнді атап өтуді жазғы бейіндік лагерь де назардан тыс қалдырмады. «Туған өлкем» бағытының жетекшілері «Фастфуд» тағамдарының зияны жайлы бейне ролик, слайд презентация арқылы мағлұматтар беріп, соңында «Жас суретші», «Жас құтқарушы», «Жас полицей», «Жас дебатёр», «Қазіргі заманғы кәсіпкер», «Жас психолог» бағытындағы оқушылар үш топқа бөлініп, сайыс түрінде алған мәліметтерін пысықтады. «Тайны чтения» бағыты бойынша «Роль книги в нашей жизни» тақырыбында лекция сабағы өтті. Сабақтың мақсаты: оқуға деген қызығушылықтарын арттыру болды.