Жазғы бейіндік лагерьдің 8 маусым күні Қазақстан Жазушылар Одағының негізін қалаушы С.Сейфуллин музейін тамашалау
2023 жылдың 8 маусымында сағат 09:00-де мектепішілік «ЖАЗ-2023» жазғы бейіндік лагерь бекітілген жоспар бойынша өз жұмысын одан ары жалғастырды. «Лингвист» бағытының жетекшілері 6 маусым - ұлы орыс жазушысы А.С.Пушкиннің туған күніне орай «Идут века, но Пушкин остаётся!» тақырыбында әдеби кеш өткізді. Кештің мақсаты: А.С.Пушкиннің шығармашылығы мен орыс тіліне деген қызығушылықтарын арттыру болды.
«Туған өлкем», «Жас құтқарушы», «Жас полицей», «Жас дебатёр», «Қазіргі заманғы кәсіпкер», «Жас психолог» бағытының оқушылары ақын, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан Жазушылар Одағының негізін қалаушы
С.Сейфуллин музейіне барып, революционер жазушының «Тар жол тайғақ кешуден» өтіп, артына өшпестей мол мұра қалдырғаны жайлы танымдық-ақпаратпен танысты. Гидтің берген құнды ақпараттары балалардың қызығушылығын арттырып, ұлы тұлғаларға деген құрметін, сүйіспеншілігін оятты.
Сонымен бірге оқушылар «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде» болып қайтты.
«Жас суретші» бағытының оқушылары Орталық саябаққа барып, пленэрлық кескіндемемен жұмыс жасады.Бұл кескіндеменің ерекшелігі-шеберханада емес, табиғат аясында жұмыс жасау. Тақырыбы: Анималистикалық жанр. Оқушылар «Менің сүйікті жануарым немесе құсым» тақырыбында сурет салды. Сабақ өз мақсатына жетті. «Туған өлкем» бағытының жетекшілері Елеуова А.С. мен Канапина А.С. 5 сынып оқушыларымен Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш Т.Бигелдиновтың ескерткішіне барып қайтты. Оқушылар QR-код арқылы ескерткіш жайлы ақпаратпен танысып, кейін жетекшілердің қойған сұрақтарына жауап беріп, ойларымен бөлісті.







