Меню KDT

Новости

Главная Новости

Жазғы бейіндік легерьдің 15 маусым күні өткізілген жұмысы туралы мәлімет

           2023 жылдың 15 маусымында  мектепішілік «ЖАЗ-2023» жазғы бейіндік лагерінің  балалары «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасында кезекті отырысын өткізді. Еліміздің ақын-жазушыларының кітаптары мен шетелдік әлем әдебиетінің шығармаларымен танысты. Кітапханадағы кездесудің мақсаты: оқушыларда оқу мәдениетін, оқырман белсенділігін қалыптастыру. Кітап оқу арқылы балалар білім алып, рухани құндылықтармен танысты.
         «Атамұра» бағытының балалары «Қазақ хандығының тарихы» атты тақырыпта викторина өткізді. Атаулы викторинаға «Туған өлкем», «Современный предприниматель», «Тайны чтения» бағытының оқушылары қатысып, қазақ хандығының тарихынан көптеген құнды ақпараттармен қанықты. Одан кейін балалар «Нашақорлыққа қарсы күрес» акциясы аясында «Пчелиное дело» ойынын ойнады. Бұл ойынның шарты елдің экономикасы бәсекеге қабілетті, дені сау болашақ жастардың қолында екенін ұғындыру болды.
«Туған өлкем» бағытының  5 сынып оқушылары Кенесары ханның ескерткішіне саяхат жасап, қазақ хандығын  құруда аса елеулі үлес қосқан, қазақтың соңғы ханы Кенесары туралы тұщымды мағлұмат алды.
         «Нашақорлыққа қарсы күрес» акциясы аясында «Жас суретшілер» отряды Орталық саябақта пленэрлық кескіндемемен ашық аспан табиғат аясында жұмыс жасады. Оқушылар «Здравствуй, лето!» тақырыбында сурет салып, өздерінің көңіл күйлері мен қиялдарына ерік берді.
         «Жас құтқарушы мен «Speaking club» бағытының балалары жетекшілерімен бірге «Сарыарқа» кинотеатрында болып қайтты.





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено