Меню KDT

Новости

Главная Новости

"Ғылым әлеміндегі балалар" фестивалі

1 маусым күні Оқушылар сарайында 7-8 сынып оқушыларына Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУуниверситетінің ғалымдарымен кездесу ұйымдастырылды, бұл кездесуге біздің мектебіміздің «7» А сынып оқушылары да қатысты. Жас ұрпақтың ғылымға деген сүйіспеншілігін, шығармашылық ойлауын мектеп қабырғасынан бастап дамыту керек. Оқушылардың ғылыми жобаларды жүргізу дағдыларын, танымдық қабілеттерін, дербестігін дамыту мақсатында Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері балалардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру үшін, өз кафедраларының оқу қызметі мен ғылыми бағыттарымен таныстырды. Сондай-ақ оқушылар ғылыми жұмыстардың нәтижелерімен танысты. Ал мектеп оқушылары зерттеу тақырыбын түпкілікті таңдауы үшін ғалымдар оларды университеттің оқу ғимараттарында өтетін келесі кездесуге шақырып, таныстыру экскурсиясын өткізеді.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено