📌2023 жылғы 8 маусымда СҚО мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтары қауымдастығының «Шырақ» қорытынды отырысы өтті, оған 20 педагог қатысты.
2023 жылғы 8 маусымда СҚО мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтары қауымдастығының «Шырақ» қорытынды отырысы өтті, оған 20 педагог қатысты.
Қорытынды отырыстың тақырыбы: «Заманауи мектепке дейінгі білім беруді дамыту векторлары. Инновация аумағы». Іс-шараның мақсаты-мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмысын қорытындылау және үздік тәжірибелерімен алмасу.
Осы іс-шарада мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтері қауымдастығының 2022-2023 оқу жылындағы жұмысының қорытындысы шығарылды.
Отырыс барысында Қауымдастық мүшелері мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселелерін, педагогтардың озық жұмыс тәжірибесін жинақтау мен таратуды қарастырып, талқылады.
Қауымдастықтың 2022-2023 жылдардағы жұмысын қорытындылай келе, өткен жыл жемісті өтті, қауымдастықтың дамуының жаңа кезеңдерін әкелді, сондай-ақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға ықпал етті деп айтуға болады.
Қауымдастық қатысушылары жаңа 2023-2024 оқу жылына арналған мақсаттар мен міндеттерді талқылап, одан әрі жұмыс істеу перспективаларын белгіледі.