Меню KDT

Новости

Главная Новости

🔷Бірінші жас өлкетанушылар слеті

🔷Бірінші жас өлкетанушылар слеті
🔷2023 жылдың 6 мен 8 маусым аралығында Айртау аудандық «Чайка» балалар сауықтыру лагерінде «Тарихқа тағзым – болашаққа бағдар» атты жас өлкетанушылардың Бірінші облыстық слеті өтті.
Шараның басты мақсаты – ортақ тарихқа, өз жеріне, кіші Отанына деген сүйіспеншілікке негізделген ортақ қазақстандық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыру болды.
Солтүстік Қазақстан облысының «Тарихқа тағзым – болашаққа бағдар» атты жас өлкетанушыларының Бірінші облыстық слетінде облысымыздың түкпір-түкпірінен келген белсенді, шығармашыл 8-10 сынып оқушыларынан құралған 14 команда қатысты.
Үш күн бойы жас өлкетанушылар туристік шеберлік бойынша жарысып қана қоймай, Солтүстік Қазақстан облысының тарихы, географиясы, табиғаты мен мәдениеті туралы көптеген жаңа және қызықты мәліметтерді білді, сондай-ақ кіші туған өлкесінің мәдени ерекшеліктері, көрікті және тарихи жерлері туралы білімдерін көрсетті.
Солтүстік Қазақстан облысы өзінің бай табиғатымен, атақты ата-бабаларымен, киелі жерлерімен әйгілі, оқушылар үшін Никольское ауылына экскурсия ұйымдастырылды.
Оқушылар бірегей ескерткіш – 5,5 мың жыл бұрын әлемде алғаш рет жылқы қолға үйретілген Ботай қонысын тамашалады. Сондай-ақ олар Шоқан Уәлихановтың әжесі – Айғанымның Сырымбет ауылында орналасқан иелігін де болды.
Мұндай шара «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» мемлекеттік бағдарламасын және «Білім беруді дамытудың 2023-2025 жол картасын» жүзеге асыру аясында жыл сайын өткізілетін болады.
Үздік нәтиже көрсеткен жас өлкетанушылар жиынының салтанатты жабылуында оларға кубоктар мен дипломдар табыс етілді. Қалған қатысушыларға сертификаттар берілді.

https://www.youtube.com/watch?v=SJwMQJz3whE&ab_channel=Biliktiustaz


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено