🔻 2023 жылғы 16 маусымында «Достық кубогы» атты онлайн форматта Халықаралық бірінші дебаттық турнир өткізілді. Турнирге Ресей мемлекетінен Тюмень , Омск, Челябинск қалалары ат салысты.

2023 жылғы 16 маусымында «Достық кубогы» атты онлайн форматта Халықаралық бірінші дебаттық турнир өткізілді. Турнирге Ресей мемлекетінен Тюмень , Омск, Челябинск қалалары ат салысты.
Турнирдің мақсаты: Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының зияткерлік жастарын қолдау және дамыту үшін алаң құру және нығайту арқылы педагогика мен пікірталас қозғалысын дамыту, орын алған мәселелерді көпшілік талқылау мен талдауда жас педагогтардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру мақсатында өткізілді.
Дебаттық турирге 8 команда қатысты, 4 команда Ресей мемлекетінен, 4 команда Қазақстан мемлекетінен.
І - орын «Патриот» Нуркина Сабина Нуржановна, Бобаткова Виктория Викторовна СҚО Жамбыл ауданы Преснов ауылы «И. П. Шухов атындағы Преснов жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы.»
ІІ - орын «Универсальный солдат» Бекмагамбетов Канат Искахович СҚО Тайынша ауданы Макашевка ауылы, Воронцова Варвара Владимировна СҚО Ғ.Мүсрепов ауданы Урожайное ауылы;
ІІІ - орын «Даешь молодежь» Бочуля Родион Сергеевич , Червяковская Алена Михайловна Омск қаласы «№159 Гимназия»;
ІІІ - орын «Dostyk спор» Каберти Марго Мурмановна , Барабанщикова Анастасия Сергеевна Тюмень обласы Тюмень қаласы.