Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Мағжан Жұмабаев: ғасырлар тоғысында»

⚜️ 2023 жылғы 16 мамыр Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы аясында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясы және Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасының қолдауымен ақынның туған жерінде, Қызылжар өңірінде «Мағжан Жұмабаев: ғасырлар тоғысында» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция аясында «Ұлттық тәлім – тәрбие: ақыл, құлық, сұлулық, дене тәрбиесі», «Мағжан: рухты поэзия, тәрбиелік идея, философиялық тұжырым», «Мағжанның педагогикалық мұрасы», «Мағжан: рухты поэзия, тәрбиелік идея, философиялық тұжырым», «Мағжанның әдеби мұрасын оқытудағы жаңашылдық», «Алаш ардақтысы» тақырыптарында секция жұмыстары өткізілді. Мағжантанушы ғалымдар мен ұстаздар қауымы Алаш қайраткері Мағжанның даналық зерделі сөздерін зерттеп, болашақ ұрпаққа келелі ой айтты. Конференция барысында олимпиада жеңімпаздары мен «Алаш ардақтысы» дебат клубының жеңімпаздары марапатталды.
Іс-шараға облыстың білім беру ұйымдарының 600 астам ұстаздары мен білім беру мекемелерінің басшылары, ардагер ұстаздары қатысып, пікір алмасты.

https://www.youtube.com/watch?v=shSUZS3_rl4&ab_channel=Biliktiustaz


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено