Меню KDT

Новости

Главная Новости

Жазғы бейіндік легерьдің 16 маусым күні өткізілген  жұмысы туралы мәлімет

           2023 жылдың 16 маусымында  мектепішілік «ЖАЗ-2023» жазғы бейіндік  лагерьдің жабылуына  5-7 және 10 сынып     оқушылары мен мұғалімдер  қатысты. Жазғы бейіндік лагерьдің жабылу мерекесімен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абенова А.Б.  балалар мен ұстаздарға жазғы демалысты пайдалы әрі қызықты өткізулерін тіледі. 10 сынып оқушылары жабылу салтанаты кезінде орта буын оқушыларымен қызықты ойын өткізіп, белсене қатысқан оқушыларды марапаттады. Салтанатты жиыннан соң мұғалімдер мен оқушылар жоспар бойынша Астана қаласындағы Тәуелсіздік алаңында орналасқан – Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайына барды. 2014 жылы ашылған мұражай орталық Азиядағы ең үлкен және ең жас мұражай болып табылады. Балаларды Астана залы, ежелгі және орта ғасырлық тарих залы, қазіргі заманғы өнер залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Алтын залы ерекше қызықтырды.
          «Туған өлкем», «Современный предприниматель», «Тайны чтения» бағытының оқушылары кешегі күні бастаған «Пчелиное дело» ойынын жалғастырды. Бұл ойынның шарты елдің экономикасы бәсекеге қабілетті, дені сау болашақ жастардың қолында екенін ұғындыру болды.
         «Жас құтқарушы мен «Speaking club» бағытының балалары жетекшілерімен бірге орталық саябаққа пикникке шығып, белгілі тақырып аясында қызықты ойындар ойнады.
«Туған өлкем» бағытының  5 сынып оқушылары жазғы бейіндік лагерьдің соңғы күні өз отбасының шежіресін жасады. Әзірге бұл жұмыс бастамасы ғана, кейін демалыс уақытында ата-анасы мен ата-әжелерінің көмегімен шежірені аяқтап, өз жұмыстарымен бөлісетін болды.
Жалпы жазғы бейіндік лагерь өз жұмысын жетекшілердің ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтті.









Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено