Бүгін, ауданымыздың көз тартар табиғатымен ерекшеленетін Имантау ауылы, "Қарлығаш" демалыс аймағында "Ұлттық код-рухани болмыс кілті" тақырыбында жас өлкетанушылардың аудандық фестивальі өтті. Аудандық "Білім бөлімі" ұйымдастырған іс-шараға Г. Т. Султангалиева жетекшілігімен 7-сынып оқушылары қатысты. Жас жеткіншектерге туған өлкенің киелі қасиетімен бірге, танымал тұлғаларды тану, қасиетті ескерткіштерді бағалай білуге шақырған іс-шараның мағынасы терең.

Қазақ халқының салт-дәстүрін, өнерін, тұрмысын, ұлттық спортын дәріптеу мақсатында арнайы қойылымдар мен қолөнер көрмесі, "арқан тартыс", "садақ ату", "асық ойыны" және атпен серуендеу өткізілді. Ұлттық нышанда ұйымдастырылған мерекеде балаларға ұлттық тағам түрлері ұсынылды. Бүгінгі мереке-балаларға қуаныш пен шаттық сыйлап, туған өлкеге деген сезімдерін күшейткені анық.