Алтаева Баян Саметовна педагогикалық еңбек өтілі 40 жыл. Чистопол орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Санаты-педагог-сарапшы. Баян Саметовна өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді үйрете отырып, жас ұрпақ санасына патриоттық рухты сіңіре білді. Оқушылары және өзі көптеген жетістіктерге жетіп,жоғары беделге ие болып отыр. Қазақстан Республикасының "Еңбек ардагері" атағына ұсынылып отыр.
iztulina.elmira | 2023/07/04 14:25:30
Осы мектептің директордың тәрбие ісі орынбасары ретінде Алтаева Баян Саметовнаны үлкен маман иесі деп білемін. Әрқашанда жас мамандарға бойында бар тәлім - тәжірибесімен бөлісіп отырады. Оқушылары білім сапасы бойынша жақсы көрсеткішті көрсетеді. Сыныптан тыс іс-шараларға мұғалім ретінде де, оқушылары да белсене қатысады. Әр оқушының жан дүниесін түсініп, білім нәрін құя біледі. 40 жыл педагогикалық жұмыс өтілінде Баян Саметовна директордың оқу ісі бойынша орынбасары болып та қызмет атқарды. Соңғы жылдары денсаулығының сыр беруіне байланысты ол қызметтен өз еркімен кетуге мәжбүр болды. Ұстаз деген ұлы есім екенін білсек, Баян Саметовна деген есім сол ұлылықтың төрінен орын алары сөзсіз.