«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұстаздардың атқарған жұмыстары мен қол жеткізген жетістіктері негізінде келесі педагогтерді марапаттауға ұсынады:
- Оқу-ағарту министрінің Алғысы Саумалкөл қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байтенова Акзейнеп Нысанбаевна;
- Оқу-ағарту министрінің Құрмет грамотасы Лобанов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімі Орумбаева Дана Шингисовна;
- «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқу ісінің үздігі» құрмет дипломы «Родничок» бөбекжай– бақшасының әдіскері Капешова Асемгуль Айтбаевна, «Колосок» бөбекжай– бақшасының тәрбиеші Жиенгалиева Раушан Кашкынбаевна;
-«Орта білім беру ісінің үздігі» құрмет дипломы №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Дель Наталья Александровна;
-«Қосымша білім беру ісінің үздігі» құрмет дипломы Қосымша білім беру орталығының фортепиано мұғалімі Савченко Руфия Максутовна;
-«Еңбек ардагері» медалі Елецкий орта мектебінің орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Миргородская Галина Ивановна.