Қазақстанның білім беру саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі міндеті оның жоғары сапасын қамтамасыз ету болып табылады, бұл Солтүстік Қазақстан облысының білім берудегі әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының қызметінде көрініс табады. Әдістемелік қамтамасыз етудің жан-жақтылығы Орталықта әзірленген «Әр бала – бір жұлдыз», «Білім сараптамасы», «Бірлестік», «Шеберлер зертханасы», «Серіктестер», «Кәсіпке қадам», «Тірек» және басқа да жобалар, олардың қызметін 5 әдістемелік бөлімнің жұмысында байқауға болады. Орталық әдіскерлері облыстың білім беру ортасының проблемалық бағыттарын анықтау үшін тұрақты мониторинг жүргізеді, алынған мәліметтерге талдау жасайды, бұл жыл соңында әдістемелік қызметтің болашақта даму стратегиясын түзетуге мүмкіндік береді. Орталық 20 пән мұғалімдері, кітапханашылар және білім беру ұйымдары жетекшілерінің бірлестігінің жұмысын үйлестіреді. Ұстаздар қауымдастығының ішінде ең маңыздыларының бірі жас ұстаздарды қолдау мақсатында құрылған «Жаңа қадам» қауымдастығы болды. Бірлестіктерде құрылған ынтымақтастық орта оқыту семинарлары мен шеберлік сабақтары арқылы педагогикалық шеберлікті арттыруға және тұлғаның өсуіне ықпал етеді. Тек биылғы оқу жылында 1500-ден астам ұстаз олардың тыңдармандары болды, 60-қа жуық баяндамашы педагогикалық тұжырымдарымен бөлісті. Орталық әдіскерлері «Өрлеу» БАҰО АҚ, «НЗМ» АҚ және ПШО бірлесе отырып, «Lesson study» технологиясын қолдану бойынша оқыту семинарларын өткізді. Орталық жыл сайын дәстүрлі халықаралық пән мұғалімдерінің форумдарын өткізеді. Орталықтың негізгі қызметі Аймақтық қызмет пулына енгізілген. Облыстардың білім басқармаларының Республикалық мониторингінің қорытындысы бойынша Орталық Қазақстан Республикасындағы жетекшілердің бірі болып танылды.
https://www.facebook.com/100043239738787/videos/1259245091375465/