25-27 шілде аралығында «Шағала» балалар сауықтыру лагері базасында оқушылар арасында туристік техника мен тактиканың дағдылары мен негіздерін игеру мақсатында, елорданың 25 жылдығына арналған «Менің Отаным-Қазақстан» экспедициясы аясында жаяу туризм техникасы бойынша үш күндік облыстық жарыс өтті.

Облыстық жарысқа 12-16 жастағы балалардан жинақталған 4 команда қатысты (Айыртау ауданы, Аққайың ауданы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Қызылжар ауданы және Петропавл қаласы).
Біздің ауданымыздың өкілдері – Елецкий орта мектебінің оқушылары, команда жетекшілері Ролеф Г.В., Елецкий ОМ-нің дене шынықтыру мұғалімі және Усанов А. Е., Арықбалық ОМ-нің АӘТД педагог – ұйымдастырушысы.
Слеттің ашылуы мемлекеттік туды көтеруден және ҚР Әнұранын орындаудан басталды. Слеттің бағдарламасы үш күн ішінде жоспарға сәйкес толығымен жүзеге асырылды:
- туристік дағдылар (топографиялық белгілер, туристік тораптарды тоқу, АМК көрсету);
- қашықтықтар: «Велотриал», «Кросс-жорық», «Командалық», «Жеке-командалық»;
- байқаулар: фотосуреттер, тағамдар, туристік әндер.