Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Табиғатты аялайық»

2 маусым 2023 жылы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де "Қарлығаш" балалар сауықтыру лагері өз жұмысын жалғастыруда. Лагерьдің бұл күні "Еңбек күніне" арналды.
Таңертең әдеттегідей жаттығу жасалды. Жаттығу жасап болғаннан кейін балалармен еңбек түрлері туралы, соның ішінде балмұздақты қалай жасайтыны туралы қызықты видеолар тамашалап,диспут жүргізілді. Таңғы астан соң сауықтыру мектеп алаңында спорттық ойындар ойнады. Содан кейін балалармен «Алтын қазына іздеу» атты іс-шара өткізді, сыйлықтар алып, балалар мәз болды. Іс- шарадан кейін спорттық жарыс өткізілді. Балаларға «Еңбек» сызбасын дайындауға уақыт берілді. Балалар бұл жұмысқа қызу кірісті.Балалардың жасаған жоспары бойынша табиғатқа, сыныптарға саяхат жасалды.
Балалар «Табиғатты аялайық» бағыты бойынша, өздері жасаған жақсылықтарымен бөлісті.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено