Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Филфорд» сөзжұмбақ танымдық сайысы

20 маусым 2023 жылы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де "Қарлығаш" балалар сауықтыру лагерінің күн тәртібі бойынша балалар таңғы жаттығуларынан бастады. Балалар үйірме бөлмесіне барып «Филфорд» сөзжұмбақ танымдық сайысқа арналған іс-шара өткізілді. «Филфорд» сөзжұмбақ танымдық сайысы өте жақсы деңгейде өтті, одан әрі ертегі кейіпкерлерімен танысып, «Алдаркөсенің хикаялары» атты мультфильм тамашалады.Балалар алаңқайына барып қызықты ойындар ойнады. Таза ауада ойнау балаларға керемет ұнады. Серуеннен келгеннен кейін топтарға бөлініп ертегілер оқыды. «Ерте,ерте,ертеде...» танымдық ойын сайысы ойналды. Ұстаздар жұмбақ жасырады, ал балалар жауабын тапқаннан кейін сол аңға байланысты ертегі ойластырып көрсетеді немесе баяндап береді. Түскі ұйқыдан кейін балалар бір- біріне жұмбақ есептер айтып ойнады. «Жыл басына таласқан хайуанаттар» атты ертегіден қойылым қойды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено