N64 Мектеп лицейінің «Балақайлар мектебі» курсы өз жұмысын бастады. Мектеп табалдырығын алғаш аттайтын оқушыларға арналған дайындық курсының мақсаты – оларды мектеп өміріне бейімдеу. «Балақайлар мектебінің» көмегімен балалар ойын түріндегі негізгі дағдыларды игеріп, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Мұндағы сабақтар жадыны, моториканы дамытуға және сөйлеуді, жазуды, сурет салуды үйретуге бағытталған. ВИДЕО КӨРУ