Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.
Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.
Дарындылық дегеніміз – адамдардың қабілеттерін жете жақсы дамуының жоғары сатысы.
Әр бала әр түрлі қабілетімен ерекшеленеді. Биге, сурет салуға, әнге, есепке т.б жақын болып келеді. Осы орайда баланың дарындалығын ары қарай дамыту мақсатында барлық жағдай жасалуы тиіс.
Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын – оқыту мен тәрбие. Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады.
Бүгін 2022-2023 оқу жылында ауданымыздың оқушыларының облыстық, республикалық олимпиадаларда, жоба байқауларында және басқа да зияткерлік сайыстарда жеткен жетістіктері туралы айтқымыз келеді.
2022 жылдың 20 қазанында қолданбалы лингвистика олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша 3 орынды Арықбалық орта мектебінің 11 сынып оқушысы – Коротченко Ирина иеленді.
2-7 сынып оқушылары арасында Республикалық «Зерде» ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстар байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша: Уалиев Мирас, Саумалкөл қазақ орта мектебінің 2 сынып оқушысы ІІ орын диплом иегері, «Шешендік өнер» номинациясы бойынша №1 Саумалкөл ОМ 3-сынып оқушысы Жақсылықова Томирис, Сырымбет орта мектебінің 3-сынып оқушысы Қадырбаева Айзере - «Ғылымға деген қызығушылық» номинациясының иегерерлері атанды.
2023 жылдың 4 қарашасында 8-11 сынып оқушылары арасында тіл білімі бойынша іріктеу олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Арықбалық орта мектебінің оқушысы Коротченко Ирина 3 орынға ие болды.
1 желтоқсанда Тайынша қаласында 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Оған ауданымыздан 15 бала қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша: №1 Саумалкөл орта мектебінің 6-сынып оқушылары Исмаилжанов Умарбек және Турчина Надежда бірінші орынды, Саумалкөл қазақ орта мектебінің 5 сынып оқушысы Кенжибаева Айғаным, №1 Саумалкөл орта мектебінің 5-сынып оқушылары Степанова Диана, Плотников Артем, 6-сынып оқушысы Жупиков Егор, Өскен негізгі орта мектебінің 6-сынып оқушысы Кутербеков Рауан екінші орынға ие болды. 3 орын – Мәдениет орта мектебінің 6 сынып оқушысы Ерке Сағындықова, Шалқар орта мектебінің 5 сынып оқушысы Кондратьев Егор, Әлжан негізгі мектебінің 5 сынып оқушысы Ақтай Ахметжан.
Ағымдағы жылдың 19 мамыры 5-6 сынып оқушылары арасында олимпиаданың республикалық кезеңі өтті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша №1 Саумалкөл орта мектебінің 6 сынып оқушысы Турчина Надежда орыс тілі пәнінен 2 орын, 6 сынып оқушысы Исмаилжанов Умарбек 3 орынға ие болды (орыс мектебіндегі қазақ тілі).
13 ақпан мен 14 ақпан аралығында жаратылыстану-математика бағыты бойынша республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша Шалқар орта мектебінің 11-сынып оқушысы Лиморенко Вероника биология пәнінен 3-орын, Шалқар орта мектебінің 11-сынып оқушысы Сәлім Нұрболат және Аксенов орта мектебінің 11-сынып оқушысы Жамбаева Әлия география пәнінен 3-орынға ие болды.
16 ақпан мен 17 ақпан аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі өтті, нәтижесінде №2 Саумалкөл МГ оқушылары: Убоженко Карина, Иноземцева Алина орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 2 орын; Мәдениетская орта мектебінің оқушылары: Мұратбек Сабина, Молдахмет Зере Қазақстан тарихынан – 2 орын; Табылдынова Адема қазақ тілі пәнінен – 2 орын; Саумалкөл №1 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Ковалева Камила (қазақ тілі орыс мектебінде) – 2 орын; №2 Саумалкөл МГ оқушылары: Дауренбек Малика қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен, Бейсенова Альбина ағылшын тілінен, Мадениет орта мектебінің оқушысы Кужибаева Томирис қазақ мектебінде орыс тілінен, Арықбалық орта мектебінің оқушылары Коротченко Ирина ағылшын тілінен, Пичугин Илья орыс тілі мен әдебиеті пәнінен – 3 орын иегерлері атанды.
2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің нәтижесі бойынша №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясының оқушылары: Иноземцева Алина 2 орын және Убоженко Карина Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Құрмет грамотасының иегері атанды. Дайындаған орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушы-жаттықтырушы мұғалімі, педагог-зерттеуші Дель Наталья Александровна.
Ағымдағы жылдың мамыр айында Алина білім бөлімінің басшысы Н.А.Жашибековпен кездесуге шақырылып, дипломмен және 75 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.
2-4 сынып оқушылары арасында өткен облыстық «Кемел ұрпақ» математикалық турнирінде Саумалкөл қазақ орта мектебінің оқушылары: Төлеу Мансұр мен Хамидулла Ернар 3-дәрежелі диплом иегерлері атанды. Төлеу Мансұр Солтүстік Қазақстан облысы атынан құрылған команда құрамына еніп, олимпиаданың ақтық кезеңіне қатысып, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің грамотасымен марапатталды.
Жыл сайын ауыл мектептерінің 6-сынып оқушылары қатыса алатын «1000 бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасы өткізіледі. Аталған олимпиаданың екінші кезеңіне ауданымыздан 9 бала қатысты. №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясының оқушылары: Гранкина Эвелина, Хуанышұлы Мұхаммедкерім, Зекентаева Даяна; Саумалкөл №1 орта мектебінің оқушылары: Сафина Милана, Бибатыров Дамир жеңімпаз атанды.
Ағымдағы жылдың 28 наурызы 5-11 сынып оқушылары арасында психология және әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелері бойынша мектеп оқушыларының ғылыми жобаларының облыстық байқауы өтіп, байқауда Шалқар орта мектебінің 10 сынып оқушысы Лиморенко Анна 2 орынға ие болды. «Шешендік өнері үшін» дипломымен Имантау орта мектебінің 9-сынып оқушысы Омарова Ильвина марапатталды.
Дарындылық — бұл өмір бойы дамып келе жатқан психиканың жүйелі сапасы, ол басқа адамдармен салыстырғанда бір немесе бірнеше іс-әрекетте адамның жоғары ерекше нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігін анықтайды.
Дарынды бала — бұл белгілі бір қызмет түріндегі айқын, кейде керемет жетістіктермен ерекшеленетін бала. Сонымен қатар, баланың өзіндік белсенділігі де ескерілуі қажет. Біздің балаларымыздың таланттары таңқаларлық және жан-жақты. Өткен жылдардағы жеңімпаздардың көбі бүгінде дарынды балалар ғана емес, білікті жас мамандарға айналғаны да қуантады. Өткен оқу жылында жеңіске жеткен оқушылардың да біразы өздерінің шағын Отанының даңқты дәстүрін жалғастырып, мақтан тұтуға тағы да көп негіз болатынына сенімдіміз.