Меню KDT

Новости

Главная Новости

2023 жылдың 24 тамызында педагогтерге арналған Республикалық тамыз кеңесі шеңберінде аудандық тамыз секциялық отырысы өтті.

2023 жылдың 24 тамызында педагогтерге арналған Республикалық тамыз кеңесі шеңберінде аудандық тамыз секциялық отырысы өтті. Биылғы жылы іс-шара республика бойынша «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ, АДАЛ ҰРПАҚ, ТАБЫСТЫ ҰЛТ» атты бірыңғай атауда өтуде.
Аталған секциялық отырыстардың мақсаты-педагогтерге оқу жылының басында қызметті тиімді ұйымдастыру бойынша ұсынымдар беріп, әдістемелік нұсқаулық беру. Мұғалімдерге жұмыс тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік беру.
Секциялық отырыстар «Елецкий орта мектебінің» базасында алты бағыт бойынша өтті: директорлардың оқу, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, психологтар, кәсіптік бағдар берушілер, дене шынықтыру мұғалімдері, АӘД мұғалімдері.
Секциялық отырысқа 150 – ден астам педагог қатысты, оның ішінде 25 сөз сөйлеуші (15 – мастер-класс, 10-сараптамалық баяндама). Осы іс-шара аясында қызықты презентациялар мен пікірталастар өтті, онда өзекті мәселелер талқыланды.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено