Меню KDT

Новости

Главная Новости

Ағымдағы жылдың 21 тамызынан бастап №2 Саумалкөл мектеп гимназиясында «Пәндерді оқытуда цифрлық ресурстарды пайдалану» тақырыбы бойынша шағын жинақты мектептердің педагогтеріне арналған 80 сағаттық қазақ және орыс тілінде біліктілікті арттыру курсы өткізілуде.

Курстың мақсаты - білім беру жүйесін заманауи үрдістеріне сәйкес инновациялық әдістер мен цифрлық білім беру технологияларын пайдалану бойынша ауылдық шағын жинақты мектептер педагогтерінің кәсіби құзыреттерін жетілдіру. Курс жетекшілері: Дюсенова Б.К, Оразалинова А.Т. Нурмухамбетова Г.К, Фатиади С.Ю.

 Курсқа ауданымыздың жалпы білім беретін мектептерінің  60 мұғалімі қатысуда. Курс барысында тыңдаушылар цифрлық оқытудың әр түрлі тәсілдерімен танысып, білімдерін практика жүзінде ұштастыруда. Курс соңында әр педагог цифрлық білім беру технологиялары мен төңкерілген сыныптың әдістемелері, оқыту технологиялары, кері байланысты ұсыну, синхронды және асинхронды коммуникация негізінде интерактивті тапсырмалар мен сабақ үзінділерін қалай әзірлеу керек екендігін үйреніп курс соңында қорғап шығуға тиіс. Аталмыш курс цифрлық білім беру технологиялары мен онлайн - сервистер негізінде ауылдық шағын жинақты ауылдық мектептердің педагогтерін оқыту дағдыларын жетілдіруге бағытталып отыр.

Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено