Бүгін Астанада «Әділетті Қазақстан: адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» тақырыбы аясында «Жайлы инфрақұрылымды қалыптастыру» бағыты бойынша тамыз кеңесінің пленарлық отырысы өтті.
Оған ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтары, білім беру саласындағы сарапшылар, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, білім беру саласындағы қоғам қайраткерлері қатысты.
Тамыз кеңесіне арнайы қонақ ретінде Эстониядан білім беру технологы, TKVG, жоба жаттықтырушысы, «DigiTiiger» мұғалімдерді оқыту тренері Людмила Рождественская, Сингапурдан доктор, профессор, білім саласындағы халықаралық сарапшы David Ng, Өзбекстаннан «International Talent Academy» бас директоры Арсен Байтуков шақырылып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Кеңесте төрт секциялық алаң жұмыс істеп, оған 600-ге жуық педагог офлайн, 10000-нан астам қатысушы онлайн қатысты.
Сондай-ақ, «жайлы мектеп» жобасына арналған мектеп жабдықтарының көрмесі қойылды.
Өңірлерден келген қонақтарымызға үздік білім беру ұйымдарының тәжірибесімен алмасу мақсатында қаладағы 8 мектептің және 1 Оқушылар сарайының жұмысы көрсетілді.
Сонымен қатар, олар Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында «Шәмші» спектаклін тамашалады.
Айта кетейін, Бірыңғай Республикалық Пленарлық сессия ертең Тұңғыш Президент мұражайында өтеді. ВИДЕО КӨРУ