Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығымен»

🔷 Жаңа оқу жылы қарсаңында 2023-2024 оқу жылына арналған перспективалық міндеттерді талқылау мақсатында 29 тамыз 2023 жылдың «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығымен» ұйымдастыруымен «Білім беру кеңістігінің барлық объектілерімен кәсіби өзара іс-қимыл және ынтымақтастық принциптері» тақырыбында педагогтердің облыстық тамыз конференциясы өтті. Пленарлық отырыстан кейін 4 секцияларға бөлінді:
1. Жас мамандар ;
2. Директордың тәрбие ісінің орынбасарлары және сынып жетекшілері;
3. ППТК , ПМПК мамандары;
4. Педагог - психологтар;
Облыстық тамыз кеңесінің қонағы Астана қаласының «Даму оңалту орталығының» директоры, логопед – дефектолог, психолог, психосоматолог Қуат Айсұлу Жастілекқызы өз сөз кезегінде «Оңалту үрдісіндегі мүмкіндігі шектеулі балалардың ми құрылысының жарты шарларын дамытудың ең тиімді техникасы» қызықты баяндама жасап, мазмұнды ой айтты.
Отырыстың соңында білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан өзгерістер мен жаңа оқу жылы алдындағы бірқатар мәселелер, өткен оқу жылындағы жетістіктер сараланып, ұсыныстар жасалынды.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено