Меню KDT

Новости

Главная Новости

”МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ”

      №27 мектеп-лицейінде Білім күніне арналған “МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ” сынып сағаттары өтті.

Сынып сағатының мақсаты: білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау.

Міндеттері:
- білім алушыларға құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру;
- білім алушылармен бірге құндылықтардың адам өміріндегі рөлін талқылау;
- отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
- сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

Сынып сағаттарында оқушылардың бойында отаншылдық, құрмет, азаматтық сана құндылықтарын дарытумен қатар әділ, шыншыл болу, академиялық адалдықты сақтау мәселелері сөз болды.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено