Қуаныш бүгін – мереке, Шуағын шашып тұр әлем. Ай қара ашқан құшағын Мектебім, саған мың сәлем! — деп, бүгін Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебінде «Мектебім-мейірім мекенім» атты алғашқы қоңырау және сынып сағаттар өтті. Орман шаруашылық мемлекеттік мекемесінің атынан Құттымбетов Н. және Жамбыл ауыл әкімі Турсунбаев Н. Ж. мектеп оқушыларын құттықтап, 1 сынып оқушыларына сыйлық берді.