Бүгін, мектебімізде 1-қыркүйек мерекесіне орай салтанатты жиын болып өтті. Атаулы мерекені мектеп директоры Меңдігүл Олжабайқызы Олжабаева ата-аналар мен ұстаздар ұжымын, оқушыларды құттықтауымен ашты. Мерекелік жиынға аудан әкімінің орынбасары Жанапин Едірес Жазитұлы қатысып, өз тілегін білдірді. Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге ардақты ақсақал Жұманов Әскер атамыз ақ батасын беріп, өз лебізін білдірді.

Биылғы оқу жылына 429 оқушы, оның ішінде 1-сыныпқа 52 оқушы қабылданды.
Мерекелік іс-шарадан соң оқушыларға "Мектебім-мейірім мекені" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Оқушыларымызға білімді бағындырар талап пен әрдайым ғылымға құштарлық тілейміз.