Аталған кездесуге қатысқан өртке қарсы азаматтық қорғау аға лейтенанты Негманов Даулет Ерболұлы оқушыларға ең алдымен адам өмірі қымбат екенін айтып әрқашан өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін естен шығармауға шақырды. Сондай-ақ оқушыларға түнгі мезгілде телефонды қуаттауға қойып ұйықтап қалу салдарынан да төтенше жағдайлар орын алатынын қатаң ескертіп ережелерді толық сақтау керектігін баяндады.