Меню KDT

Новости

Главная Новости

20 қыркүйекте 8-10 сынып оқушылары арасында «Республикалық балалар оқулары» облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Ауданымыз бойынша 5 мектептен өтінім түсті.

20 қыркүйекте 8-10 сынып оқушылары арасында «Республикалық балалар оқулары» облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Ауданымыз бойынша 5 мектептен өтінім түсті.
Байқаудың мақсаты: балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, еліміздің әдебиеті мен жазушылар шығармаларын зерделеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.
Міндеттері:
- республикалық байқауға қатысу барысында оқушыларды кітап оқуға бейімдеу және оқу сауаттылығын арттыру;
- балалардың жылдам оқу, логикалық және сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін қалыптастыру және сананың ашықтығын дамыту;
- туған елі туралы білімдерін жетілдіру және отансүйгіштік сезімін қалыптастыру;
- әлемнің танымал шығармаларымен таныстыру, балалардың таным көкжиегін кеңейту.
Байқау 2 кезеңнен тұрды. 1 кезең бойынша оқушылар 60 сұрақтан құралған тест тапсырмасын орындады. II кезеңде оқушылар төменде көрсетілген тақырыптар бойынша эссе жазды:
8 сынып – «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында жасөспірімдерге арналған кітаптар (Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» тарихи туындысының І кітабы және Джек Лондонның «Теңіз қорқауы» романы).
9 сынып – «Ғасырлар тарихты жырлайды» тақырыбында жасөспірімдерге арналған кітаптар (Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романы және Роберт Льюис Стивенсонның «Қазына аралы» романы).
10 сынып – «Ұлы Дала ұлағаты» тақырыбында жоғары сынып оқушыларына арналған кітаптар (Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер 2. Жанталас» романы және Фенимор Купердің «Могиканның соңғы тұяғы» романы)
Байқаудың әр кезеңіне 60 минут уақыт берілді. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша Шүкірлік негізгі мектебінің 8 сынып оқушысы Бүркітбай Асыл Ержанқызы 3-орын, Сырымбет орта мектебінің 9 сынып оқушысы Кадырова Жансая Есенбаевна 3-орын, Бірлестік орта мектебінің 10 сынып оқушысы Кенжеболатова Карима Бакытжановна 3 орынды иеленді.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено