Қыркүйек айының 19 жұлдызында «Петровка орта мектебі» КММ-де қазақтың ұлттық өнері Айтыс туралы оқушыларға мәлімет беріліп, мұғалімдердің бастауымен ақындар айтысының үлгісі көрсетілді. Бұл көріністі балалар қызыға тамашалап, соңынан айтыс пен домбыра тарту өнеріне қызығушылық танытты.